22.09.2022, 11:45
Оқылды: 70

Аналарға құрмет көрсетілді

Бөкей ордасы аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

WhatsApp Image 2022-09-22 at 11.01.45 (1)
Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов:
- Қазіргі таңда ауданымызда 129 "Алтын алқа", 144 "Күміс алқа" иегері, 319 төрт және одан да көп баласы бар анамыз бар. Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөлініп, жеңілдіктер ұсынылып отыр. Көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қайтарымсыз грант ұсыну басты назарда. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та әр Жолдауында ана мен балаға қамқорлық жасауға ерекше көңіл бөліп отырады. Балалар жылына орай жақсы жаңалықтар да жеткілікті, - деді өз сөзінде.
- Бисен ауылының тұрғындары Алмагүл Ұзақоваға "Алтын алқа", тағы бір бисендік Зәуре Аманғалиева мен сайқындық Нұрсәуле Хасымоваға "Күміс алқа" табысталды.

WhatsApp Image 2022-09-22 at 11.01.46 (1)
"Нарын шуағы" ҚБ төрайымы Гүлжан Бисекенова да сөз алып, көпбалалы аналарымызды құттықтады.
- 1972 жылдан бері әлеуметтік салада жұмыс жасап келдім. Сол кезде "Батыр ана" медалін ақжаулықты аналарымызға табыстайтын едік. Қазір көпбалалы аналарымыздың едәуір жасарып келе жатқанын көріп, қуанып отырмын. Шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Бастысы, дендеріңізге саулық тілеймін. Балаларымызға дені сау ана керек. Бала анасымен бақытты. Өздеріңізді күтіңіздер, - деп аналық тілегін білдірді.

WhatsApp Image 2022-09-22 at 11.01.46
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале