19.11.2019, 13:00
Оқылды: 15

Анаргүл бес ардагерді газетке жаздырды

"Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің фейсбуктегі парақшасына хат келіп түсті. Хатты жолдаушы Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенова екен.

terekti gazet

Облыс орталығындағы мемлекеттік қызметкер ауданымыздағы жаңалықтардан хабардар болып шықты. Ол басылымға жазылу науқаны кезінде белсенділік танытып жатқан аудандық газет ұжымына алғыс білдірді. Әрі Анаргүл Ілиясқызы Теректі ауданындағы жалғызбасты 5 ардагерге "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетін жаздырып бергісі келетіндігін жеткізді.

Газетке деген бұл қолдау, ардагерлерге деген құрмет көңіл қуантты. Анаргүлдің  өзі Жаңақала ауданының тумасы.

Иә, қайырымдылықты үлкен һәм кіші деп бөлуге болмайды.
Жүрегі жылылыққа толы мемқызметкер өзінің жасаған жақсы әрекетін жариялауға қарсы болғанымен, бұл өзге адамдарға үлгі болсын деген ниетте көптің назарына ұсынып отырмыз.

Теректіліктердің Анаргүл Ілиясқызына алғысы шексіз.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале