Бүгін Бірлік ауылдық мәдениет үйінде «Жарқын бейне» жобасы аясында «Әнімен елін еліткен» атты жергілікті әнші Жолай Шараповты еске алуға арналған кеш өтуде. Кешке Жолай Шараповпен дәмдес болған замандастары мен өнердегі інілері қатысуда.
Алдымен ауылдық округ әкімі Ерболат Жақашев сөз алып, барша қонақтарға қош келдің айтты. Одан әрі Жолай ағамыздың өнердегі інісі Ерлан Сатыбаев ағамыз жөнінде естеліктерімен бөлісіп, «Дедім-ай ау» әнін көрермендер назарына ұсынды.
Содан соң ақын-жазушы Закария Сисенғали жезтаңдай әншінің дауысының бөлек екенін айтып, бұл туралы тебіреніспен жеткізді. «Ақ әжелер» ансамблі «Кестелі орамал» әнін нақышына келтіріп шырқады. Жолай Шараповтың жұбайы Жансұлу апамыз кешке келген жандарға алғыс айтып, ағамызды көзіне жас алып еске алды.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz