8.11.2021, 11:37
Оқылды: 47

Аңқатыда өрт сөндірушілер бар

Қыркүйек айының орта шенінде Аңқаты ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды.

фб

Бұған дейін ауылдық округке ең жақын орналасқан өрт сөндіру бекеті шамамен 50 км жерде, Ақжайық ауылында болатын. Тілсіз жау лап еткенде, арнайы жасақ жеткенге дейін кемінде 30-40 минут уақыт кетеді. Ал, жалын осы кезде талай жерді жайпап алады. Жаздың күні далалық өрт, қыстың күні жылыту қондырғыларынан келер қауіп те, шығын да үлкен. Сондықтан, Теректі ауданы әкімдігі осы ауылда өртке қарсы тұру бөлімін жасақтауды қолға алды. Енді осы аумақта мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет «Таза Аудан» ЖШС күндіз-түні өрт сөндіруге дайын.

-Біздің бекетте арнайы өрт сөндіруші-құтқарушы оқуынан өткізілген 9 адам жұмыс жасайды. Негізінен, жергілікті жігіттер. Денсаулықтары жарамды, оқыс оқиға кезінде ұшқыр шешім қабылдауға қабілетті азаматтар. Бекет толыққанды жұмыс жасауы үшін материалдық-техникалық жабдықталған. Арнайы техника - ЗИЛ-130 автокөлігі, өрт сөндіру құралдары сақадай сай,- дейді ЖШС директоры Бауыржан Нукаев.

«Өртті сөндіргеннен, алдын алған дұрыс» демей ме. Осы орайда Бауыржан Маратұлы қысқы жылыту мезгілінде сақ болу қажеттігін ескертеді.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале