9.10.2024, 20:30
Оқылды: 10

Аңқатыда ұстаз-ғалым Мұрат Сабырдың 60 жас мерейтойына арналған кездесу кеші өтті

Теректі топырағында жарық дүние есігін ашқан тұлғаларды төрге шығарып, еселі еңбектерін елеп, құрмет көрсету дағдыға айналды. Ол – құптарлық дүние. Өйткені мұны бізден әлдеқашан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген сөзімен дәлелдеп кеткен.

IMG-20241009-WA0085

Бүгін Аңқаты ауылында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы-ғалым Мұрат Сабырдың мерейлі 60 жасқа толуына орай «Тағылымы мол ұстаз-ғалым» атты кездесу кеші өтті.

IMG-20241009-WA0072

Әуелі «Ақ Ерке» әжелер ансамблі арнайы шақырылған қонақтарды ұлттық дәммен қарсы алды. Кездесу кешін тізгіндеген ауданымыздың Құрметті азаматы Ерікқали Ахметов Мұрат Бөкенбайұлының еңбек жолына кеңірек тоқталды.

IMG-20241009-WA0065

Тәлімі мен тағылымы мол кешке ауыл тұрғындары, ақсақалдары, ауылдық округ әкімі Асқар Хайрекеев қатысты.

– Ел келешегі, ұлт болашағына ақыл – сана, қабілет қарымы, ерен еңбексүйгіштік қасиеттерімен үлес қосып жүрген атпал азаматтар қатырында жерлесіміздің болғаны біз үшін үлкен дәреже. Бүгінгі таңда өзі туып өскен Ақ Жайық өңіріне ғана емес күллі елімізге танымал, ғылымда өзінің дара жолын салған ағамыздың мерейлі жасы құтты болсын,- деді Аңқаты ауылдық округінің әкімі Асқар Қылышұлы.

Әуезді ән, мәнді өлең оқылған кеш құттықтаулармен жалғасын тапты. Мектеп ұжымы Мұрат Сабырға домбыра сыйлады. Қазақтың қара домбырасымен «Балқадиша» әнін әуелеткен кеш иесі руханиятқа тамырын байлаған көпшілікті толқытты.

IMG-20241009-WA0088

Еңбегі ерен тұлғаға ауыл халқы ақжарма лебіздерін жолдап, ат мінгізді. Кеш соңында Мұрат Бөкенбайұлы ақ дастарханда қонақ болып, қоғамды алға жетелейтін ойлардың тиегін ағытты.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале