6.04.2018, 14:46
Оқылды: 39

Аңқатылық Аймөлдір «Теректі аруы-2018» атанды

Теректі ауданында арулар байқауы өтті.

«Теректі аруы – 2018» атағына үміткер арулар өздері дайындаған бейнеролик арқылы таныстыру бағамынан өтті. Содан кейін әрқайсысы өз өнерін ортаға салды. Қорытынды сында үміткерлер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, сахнаны жайнатып жіберді.

Байқаудың үшінші орыны Ақырыс Болатоваға(Алғабас ауылы) бұйырса,  «ІІ ВИЦЕ МИСС» аталымын Ақжібек Нармамбетова(Покатилов ауылы) еншіледі. Доданың І орынын Бақытгүл Қабашева(Федоров ауылы) жеңіп алды.

«Теректі аруы – 2018» аңқатылық Аймөлдір Ахметова атанды. Ол байқаудың бас жүлдесі 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале