11.02.2021, 15:33
Оқылды: 50

АӨК-ке біріккен озады

Осыдан төрт жыл бұрын Теректі ауданындағы Покатилов ауылында қосалқы шаруашылықтардың басы бірігіп, «Достық» ауыл шаруа-шылығы өндірістік кооперативі (АӨК) құрылды.

978D6EF5-E0AC-4A56-88CD-C53E22B01AA3

Қарлығаш Сералиева құрған кооператив сүт өндіріп, сүт қабылдаумен айналысып келеді. Көше бойында орналасқан сүт қабылдау пунктінде 2 тонналық сүт салқындатқыш қондырғы қойылған. Алғашында кооперативтің құрамында 20 адам болған екен. Қазір 33 мүшесі бар. Бүгінде осы ауылдың тағы да бес тұрғыны кооперативке қосылуға ниетті.

Кооператив төрайымы 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 5 млн. теңге рәсімдеп, «Ынтымақ» бағдарламасы шеңберінде сүт қабылдау қондырғысын сатып алған. Сол кезде мемлекет тарапынан несиенің тең жартысы субсидияланыпты.

– Біз «Ынтымақ» бағдарламасының пайдасын көрдік. Себебі жабдықтың жарты бағасына қол жеткіздік. Алайда қазір аталмыш бағдарлама тоқтап қалды. Бұл бағдарлама қазір де  сол кездегідей жүзеге асса, АӨК-терге біраз қолдау болар еді. Жақында несиемізді толықтай жабамыз.   Әрине, кооперативтің табысы тапсырылатын сүттің мөлшеріне тікелей байланысты болғандықтан, оның мүшелерінің көбейгені жақсы. Шыны керек, тұрғындарда мал аз. Жазда  кооперативке 40-50 шақты адам сүт тапсырса, қыста 15 шақты адам ғана өткізеді. Оның үстіне сиырлар да әлі толық төлдеген жоқ. Әрине, сүт көп өткізсек, табыс көзі де көбірек болар еді. Өйткені АӨК-те жұмыс істейтін екі адамға жалақы төлеймін. Сонымен бірге кімнің қанша литр сүт тапсырғанын есепке алып, әр литріне 130 теңгеден төлейміз, – дейді АӨК төрайымы Қарлығаш Қасымқызы.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №12 санынан оқи аласыздар.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале