15.09.2022, 21:31
Оқылды: 54

Апат айтып келмейді

Күні кеше Теректі ауданының орталығы Теректі ауылының Бойнов көшесінде орналасқан 30-үйдің маңында оқыс оқиға болды.

IMG-20220915-WA0071

Ауладан өрт шығып, теректілік екі отбасының жиған пішенін  әп-сәтте жоқ қылды.

Сағат кешкі 19:23-те №12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне өрт жөнінде хабар түсті. Сол бойда өрт сөндіру жасағы дереу іске кірісті. 25 тонна шөп және 15 шаршы метр шаруашылық құрылысының жанып жатқаны анықталды. Қатты жел әсерінен өрт көрші Горький көшесіне өтіп, 17 тонна  пішен мен 40 шаршы метр қора өртке оранды. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ. Өрт 21:30-да локализацияланып, 00:55-те толықтай сөндірілді. Шығын көлемі  және от шығу салдары анықталады, - деді Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бибарыс Нығметжанов.

Теректі ауылының тұрғыны Жақсылық Имашев өрт кезінде жерлестерінің бірлігіне риза болғанын жеткізді. Тілсіз жаудың алдын алу үшін мектеп оқушылары да атсалысқан көрінеді.

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев пішені отқа оранған Рабиға Жумагуловамен жүздесіп, көмектесуге дайын екенін айтты.

Аяулым Бақтығали, 
Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале