29.04.2022, 9:15
Оқылды: 28

Апаттан аман оралғандар

«Қазына» коворкинг орталығында Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев Чернобыль апатын жоюға қатысқан теректілік азаматтарды қабылдады. 

чернб 2

Адамзат тарихындағы ауыр техногендік апаттардың бірі – 1986 жылы сәуірде Украина жеріндегі Чернобыль қаласында болған атом электр станциясының істен шығуы салдары әлі де жаңғырығы жойылмай тұр.

Радиоактивтік қауіпті аймақтан халық көшіріліп, апат зардабын жою шаралары қабылданды. Жүздеген адам АЭС қауіпсіздендіру үшін апат болған жерге аттанды. Солардың қатарында қырыққа тарта теректілік болған.

Адам ағзасына зиянды жерде жұмыс жасаған апат жоюшылар сол жерден басы аман оралғанымен, денсулығына түзелмес ақау алып оралғаны шындық. Қазір аудан бойынша «Чернобыль апатын жоюшы» 16 адам бар. Соның ішінде 10 адам – апат салдарынан мүгедек болып отыр. Апат жоюшылардың жартысынан астамы өмірден өтіп кеткен. Кездесуге олардың жесірлері келді.

Кездесу Чернобыль апаты салдарынан құрбан болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Бұдан әрі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиханов сөз алып, осы санаттағы ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету жайлы баяндады.

черноб 4

Ашық пікір алмасу түрінде өткен кездесуде техногендік апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар жол, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі сияқты ортақ мәселелермен қатар аудан әкіміне  жеке сұрақтарын да қойды. Шараға арнайы қатысқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досанов, аудандық аурухана директоры Зейл Мағзомов әр адамның мәселесін мұқият тыңдап, есепке алды.

черн 3

Басқосу соңында Тілек Александрұлы Чернобыль апатын жоюшы Сергей Безпятыйды 60 жасқа толуымен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Балнұр Қуаны­шқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале