Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаевтың төрағалағымен аппарат кеңесі өтті.
Аппарат отырысында аудандағы 2023 жылдың 6 айында түскен салық түсімдері, IV деңгейлі бюджетке салық түсімдері мәселесі, мал ұрлығы, интернет алаяқтықтың алдын алу мәселесі, мал азығын дайындау, киіктен келтірілген залалдарды анықтау жөніндегі комиссия жұмысы, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы мәселесі, жылыту маусымына дайындық және абаттандыру мәселелері қаралды.
Отырыста аудан әкімі аталған мәселелер бойынша дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тиісті шаралар қабылдау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz