Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаевтың төрағалағымен аппарат кеңесі өтті.
Отырыста аудандағы малды бірдейлендіру мәселесі, Жаңақала колледжін студенттермен қамтылу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар кеңеске ауданға іс-сапармен келген Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қ.Өмірәлиев қатысты.
Кеңес барысында Қ. Өміралиев әлеуметтік нысандарды газдандыру және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысы туралы айтып өтіп, кейін аудандағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы жұмысымен танысты.
Аппарат кеңесі барысында аудан әкімі аталған мәселелер бойынша дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тиісті шаралар қабылдау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz