20.02.2026, 16:45
Оқылды: 13

Әр азаматтың дауысы маңызды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 11 ақпан  күні «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы» №1170 Жарлығына қол қойды. Жарлықтың негізінде 12 ақпан күні ҚР Орталық референдум комиссиясы «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №6/10 қаулысын қабылдады.

image-20-02-26-04-13-4

Бәйтерек ауданы бойынша республикалық референдумда 7 комиссия мүшесі бар 1 аудандық аумақтық және 319 комиссия мүшесі бар 53 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жасайтын болады. Учаскелік референдум комиссиялар ағымдағы жылғы 22 ақпаннан бастап жұмысына кіріседі. Аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 2026 жылғы 17 ақпандағы №8 санында аудандық аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары мен референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат шықты. Сондай-ақ, бұл ақпараттар Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтында да жарияланды. Аудан азаматтары 27 ақпаннан бастап өздерінің тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелерде референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерімен таныса алады. Сонымен қатар, аудан тұрғындары өздерінің азаматтар тізіміне енген-енбегенін анықтау үшін аудан әкімдігінің бірыңғай байланыс (call-орталық) орталығы телефондарына 8(71130)22-556, 8(71130)23-490 қоңырау соғып, референдумға дейін де тексеруге мүмкіндіктері бар.

image-20-02-26-04-13-3

Учаскелік референдум комиссияларының референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға шақыру парақтарын таратуы жоспарлануда.

image-20-02-26-04-13-1

15 наурыз дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру үшін 10 онлайн-сервисі (Переметный, Мичурин, Көшім, Дариян, Байқоныс, Достық, Рубежин, Щапов, Махамбет, Белес) референдум учаскелерінде іске қосылады. Ерекше қажеттіліктері бар, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету мақсатында референдум кезінде барлық 53 референдум учаскесінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған дауыс беру кабиналары және бұрыштар жасақталады.

image-20-02-26-04-13

Енді аудандық аумақтық референдум комиссиясы аталмыш республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық негіздері бойынша учаскелік референдум комиссияларын топ-топтап көшпелі оқыту семинарлары өткізілетін болады.

image-20-02-26-04-13-2

Қазіргі есеп бойынша ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 42462 адамды құрап отыр. Ауданның әр учаскелік референдум комиссиялары референдумның маңыздылығына жауапкершілікпен қарайды. Ал біз өз кезегінде әр азаматы референдумның маңыздылығын түсініп, 15 наурыз күні келіп, елдің болашағы үшін таңдау жасауға шақырамыз.

 

                        Радик Ихласов,

 Бәйтерек аудандық аумақтық

референдум комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале