Шыңғырлау аудандық Саз мектебі ғимаратында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясында дауыс беру белсенді өтіп жатыр.

«Ел болашағына таңдау жасаймыз» деген саналы көзқараспен келген әр дауыс берушіге тиісті қызметтер көрсетіліп, дауыс беру барысы жіті жүруде. Алғашқы болып дауыс берушілер қатарында аудан тұрғындары С. Жұмабаев, Ж. Дінекешовтер болды.
Өз таңдауын жасауға еңбек ардагері 90 жастағы Мұханбетнағым Баймағанбетов келді.

Қадірлі қария осынау жаңалыққа бей- жай қарамайтынын білдіріп, ел ертеңі үшін белсенділік танытып жатырған көпшіліккке риза екенін жеткізді. Жаңа көктем, Наурыз мерекесімен құттықтап, жақсылыктар тіледі.
Дауыс беру жалғасуда.
Адақ Шотпанов,
Шыңғырлау ауданы