Сурет: freepik.com
Бақытжан Дәулетов, еңбек ардагері
– Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?. Осы сұрақ алдымызға көлденең тартылатын алдағы референдумда біздің ақжайықтықтар да белсенді түрде таңдау жасайтыны сөзсіз деп білемін. Өйткені энергетикаға байланысты еліміздегі түйдек-түйдек мәселелер үлкен-кішіге жақсы мәлім. Бұл проблеманың шешімі АЭС салуға тіреліп тұр. Сондықтан аталған сауалға «Иә» деп жауап бергеніміз абзал.
Бұл – әрине, ел экономикасының жан-жақты өркендеп, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсудің кепілі саналады. Осы үшін дауыс беру тарихи бетбұрысқа айтулы қолтаңбамыз емес пе?!
Заманауи технологиялық мықты сенімділікке және экологиялық қауіпсіздікке негізделген АЭС-қа әлем елдері бет алып жатқанда, біз де осы өркениетке қол созуымыз керек-ақ. Ұлттық ядролық энергетикамыз дамиды, мыңдаған жұмыс орындары құрылады, ескі инфрақұрылымнан арыламыз.
Демек, аса маңызды тағдыршешті таңдауда «Иә» дейік.