Су тасқынының салдары мен зардабы елге оңай тимей тұр. Ауданға қарасты бір ғана Аралтал ауылында 30-дан асы баспананы су басты. Қазір Шыңғырлау өзенінің деңгейі түсті. Бірақ осы Аралтал ауылындағы су көпке дейін қайтқан жоқ. Баспаналарда бір метрге дейінгі су алты күн бойы ешқайқайда кетпеді. Жергілікті билік, Ресей жақтан келетін судан Шыңғырлау өзені үшінші рет көтерілу қауіпін айтып отыр. Демек, тасқын су аралталдықтарды әліде әбігерге салмақ. Қазір аталған ауыл тұрғындары Ақсай қалалық ЖББ №8 орта мектеп ғимаратындағы эвакуциялық қосында тұрып жатыр. Жуырда аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдап, стүсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Арталталдықтардың алғашқы тілегі ауылды «Қызыл аймаққа» енгізу. Өйткені өткен жылыда аталған ауыл тұрғындары тасқын судан зардап шекті. Биылда сол көрініс. Алдағы жылы су тасқыны болмайтына да ешкім кепіл емес.
-Былтыр бірінші жыл үйімізге су кірді. Зардабы қандай боларын білмедік. Өйткені ондай сынақ басымыздан өтпеген еді. Қарап тұр саңыз, тиындап жинап, тырнақтап тапқанымыздан жер алып, үй салдық. Үйімізге жөндеу жасадық. Енді тасқын су төккен тер, жасалған еңбекті жоққа шығарып, шәйіп кетті. Былтыр наурыз айында үйімізге су кірсе, тек қыркүйек айында үйімізге кірдік. Өйткені 6 ай бойы ылғал кетпеді. Оған қоса тарақандар қаптап кетті. Көгірген, сыз тартқан жерлер болды. Өз қаражатымызға жөндеу жұмысын жүргіздік. Биыл тағы тұрғын үйлерімізге су кірді. Алдағы жылы тағы осындай жағдай болса, біз қашан өзге адамдар сияқты өз үйімізде өмір сұраміз? Қашанғы эвакуациялық орталықтарды, ағайын-туманың үйін жағалап немесе пәтер жалдап жүрмекпіз. Біздің бірінші талабымыз, ескі Аралтал ауылы «қызыл ай маққа» кіргізілсін. Сөйтіп, бізді басқа, қауіпсіз жерге көшірсін. Біздің балаларымыз өз шаңырағында үреймен емес, басқа балалар сияқты тыныштықта өмір сүруі керек, - дейді Шатлан Бахиев.
Тұрғындар, былтыр суға кеткен тұрғын үйлерді бағалауда кемшіліктер көп болғанын айтады. Айтуларынша, шығын келген құрылыс материалдарына нарықтағы бағадан 2 есе төмен бағада есептеп берген. Әрі үйдегі тұрмыстық заттардың біреуіде есепке алынбаған. Тиісінше, шығынның орнын толтыру үшін мемлекет төлеген қаражат жөндеу жұмыстарына да тұрмысқа қажетті техника алуғада жетпеген. Сондықтан тұрғындар, биыл бағалаушыны өздері іздеп табатынын, әрі бұл мамандардың қасында әкімдіктен адамдар болмауы керек, деп кесіп айтты.
-Ескере кететін тағы бір мәселе, су баспанамызға кіргеннен кейінгі көріністі көре отырып, бақылаушы өз тұжырымын жасайды. Біз ол анықтамамен келіскен жоқпыз. Бұл барлығымызда кездесті. Мысалы, баспананың қабырғаларында қарғын судың ізі көрініп тұрды. Бағалаушы тек сол жерді ғана есептеп берді. Біз түсқағаз алғанда сол 40-50 см ғана түсқағаз алмаймыз ғой. Есіктерді бе тек 10 мыңнан есептеді. Қазіргі нарықтағы бағада 10 мың теңгеге есік келмеді. Келген күндеде есікті қоюда ақша тұрады, - дейді аралталдық Елена Каббасова.
Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов, азаматтарға берілетін бір реттік көмек берілетінін айта келіп, мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар туралы түсіндірді.
- Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға аудандық бюджеттен 50 АЕК (184600 теңге) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. "Қызыл ай" қорынан қосымша төлем болады. Келтірілген шығында бағалау аудандық бюджет есебінен төленетін болады. Бағалау нәтижелері бойынша тұрғындар тек тұрғын үйлерге ғана өтемақы алады. Шаруашылық құрылыстары есепке алынбайды. Жазғы асүйлер, моншалар, гараждардарға залал келсе, оған ақша төленбейді. комиссия үйлерді қалпына келтіру үшін техникалық тексеру жүргізеді. Егер бағалау сомасы 80% - дан асса, үй иесіне жаңа баспана салынады.
Құрметті тұрғындар, біз бір-бірімізді қолдайық. Қазір сіздерден түсіп жатқан сұрақтар көп. Оны ретімен, заң аясында шешеміз. Басқада ұсыныстарыңыз болса тыңдауға әзірміз. Балаларымызды сауықтыру лагерьлеріне жіберіңіздер, деп айтып жатсыздар. Оңды ұсыныс. Осылай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс жасайық, - деп атап өтті.
Оған қоса аудан басшысы тұрғындардың банктер мен микро қаржы ұйымдары алдындағы қаржылық міндеттемелер бойынша үш айға кейінге қалдыру туралы ақпараттыда кеңінен түсіндіріп берді.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz