26.09.2023, 17:15
Оқылды: 34

Аралталдағы амбулатория құрылысы қарашада аяқталады

«Amanat» партиясының БҚО филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесі Бөрлі ауданындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады.

аманннаааа

 Партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында өткен көшпелі кездесуде партия өкілдері Аралтал ауылдық амбулаториясы мен аудандық емхана жұмысымен танысты.

Кеңес төрағасы Әліби Баяхов бастаған кеңес мүшелері Аралталда салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысын көрді.

Партия өкілдерін аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов қарсы алды. Бүгінде амбулатория құрылысын жүргізіп жатқан «Фирма ИСКОМ» серіктестігі қараша айында құрылы аяқталатынын жеткізді. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысан мердігерінен кеңес мүшелерінен қажетті материалдар мен медициналық қондырғылардың алынуы туралы ақпарат алып, жұмысқа сәттілік тіледі.

Содан соң көшпелі кеңес кездесулерін аудандық ауруханада жалғастырды. Мұнда депутаттар мекеме ұжымымен кездесіп, мәселелерді талқылады. Аурухана директоры Алтынай Баймұратова партия мүшелеріне Ақсай қаласы моноқала саналатындықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылмайтынын, жедел жәрдем көліктерін жаңарту керектігін және учаскелік дәрігерлер жетіспейтінін жеткізді. Аталған мәселеге байланысты партия жанындағы кеңес мүшелері мәселені шешу мақсатында ықпал жасайтындарын айтты.

Одан бөлек кеңес мүшелері Бөрлі ауыл шаруашылығы колледжіне де ат басын тіреді. Ұжыммен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмалар талқыланды.

Аслан Нұразғали,

Айжарық Нұр

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале