20.11.2023, 17:15
Оқылды: 22

Аралтөбе ауылында тігін цехы ашылмақ

 

Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы сапарында Аралтөбе ауылдық округіне барды.

IMG_6177

Бұл ауылда «ПРОФТЕКСТ» ЖШС тігін цехын іске қосқалы жатыр. Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталып, жабдықтарын күтіп тұр.

Цехтың иесі Ерлан Жантөриев бұған дейін жылына 15 000 дана арнайы киім тіккен іргелі кәсіпорынның өндірісін басқарған. Бизнестегі машығын, тәжірибесін және жоспарын Ерлан туған ауылына алып келіп отыр.

сырым цех

- Қазақстанның 17 қаласында біздің кәсіпорынның филиалы жұмыс жасады. Мен де таңдау көп болды. Алайда цех орны деп Аралтөбені таңдадым. Киімнен бөлек, басқа да тігін өнімдерін шығарғымыз келеді. Ауылдастарымды оқытып, тігін ісіне баулуды өз есебімнен жүзеге асыруға ниеттімін, - дейді кәсіпкер.

Тігінге ауыл адамдарынан тарту мәселесін облыс әкімі де қолдады. Оларды оқытуға, маман ретінде даярлауға мемлекет қолдау көрсетуге дайын.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Фотоға түсірген: Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале