26.08.2020, 10:44
Оқылды: 48

Аралтөбелік жанұя ешкі бағып, өнімін тұтынып отыр

Жылдағы дәстүрмен Сырым ауданы орталығында жәрмеңке өтті.

eshki (1)
Сатылымда иммунитет көтеретін, вирусқа төтеп беруге қауқарлы барлық табиғи өнім түрлері сатылды. Бағасы да базардан арзан. Мысалы, қой етінің келісі 1600 теңгеден болса, қымыз 800 теңгеден, одан бөлек айран, қаймақ, сүзбе, тары, талқан жәрмеңке сөрелерінде көздің жауын алып тұр. Сары май 3500 теңгеден сатылса, ешкі сүті 500 теңге ғана.
Бір қызығы, ешкі сүті дейміз ғой, Аралтөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры Самат Убанов жары Анармен 10 ешкі бағымда ұстап отыр екен.
– Пандемиямен күресте ешкі сүті – таптырмас табиғи дәрумен. Жолдасым үй шаруасында, 10 ешкіні таңмен сауып, балаларға қаймағын, сүзбесін, ірімшігін дайындайды. Соның арқасында ауру-сырқаудан аманбыз, – дейді С.Убанов.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале