25.02.2020, 15:32
Оқылды: 123

Аралтөбеліктер Сырым Мәсәлімге көше сұрауда

Сырым ауданы, Аралтөбе ауылындағы көшелердің бірі осы ауылдың тумасы, капитан Сырым Мәсәлімнің атына берілуі мүмкін. Осы мәселе кеше Аралтөбе ауылдық округіндегі жергілікті қоғамдастық жиналысында көтерілді. Былтыр 27 наурыз күні Қызылорда облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының экипажы құрамында капитан Сырым Мәсәлім болған болатын.

syrym masalim

Сырым Мәсәлім 1989 жылы Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Болашақ ұшқыш Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтында білім алып, кейін Ақтау қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарды. Марқұмның артында жары мен үш жасар ұлы қалды.

Қоғамдастық жиынында сөз сөйлегендер әскери тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан Сырым Мәсәлімнің өмірі мен өлімі де жас ұрпақты отансүйгіштікке, жігіттікке, антқа адал болуға тәрбиелейтінін айтып, капитанның атын Аралтөбедегі А. Құнанбаев көшесінің екінші бөлігіне беруді ұсынды. Ұсынысты жиналысқа қатысушылар бірауыздан қолдаған.

Жиналыстың хаттамасы Батыс Қазақстан облыстық ономастикалык комиссиясына ұсынылып, жергілікті бұқаралық басылымға да жарияланбақ.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале