Тасқала ауданында әкімі чернобыльдік ардагерлермен кездесу өтті. Кездесуге ауданның тарих пәнінің мұғалімдері, аудан жастары, мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында сөз алған Люция Әсетқызы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты ауыздықтауға Кеңес Одағының құрамындағы 15 мемлекеттен шамамен 600 мыңға жуық адам жұмылдырылған болса, соның 32 мыңы қазақстандық азаматтар, соның ішінде біздің ауданымыздан барған солдаттар саны 14 адам екенін атап өтті.
Ал ардагерлер әскерге қалай кеткендерін, бастан кешкен қиыншылықтары туралы әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға Мәдениет үйінің қызметкерлері шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара соңында ардагерлерге сыйлықтар таратылды.
Манас Маратұлы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz