17.03.2022, 13:16
Оқылды: 52

Ардагер спортшылар жеңісі

Таяуда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен самбо күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыр Қуанышевті еске алуға арналған ардагерлер арасында самбодан республикалық турнир өтті. Республикалық турнирге Алматы облысы, Түркістан облысы, Астана қаласы, Ақтөбе облысы, Семей қаласы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Орал қаласы мен аудан командаларынан 150-ден астам ардагер спортшылар қатысты.

Ардагер спортшылар жеңісі

Сайыста самбо күресінен әлем чемпиондары, азия чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен ел біріншіліктерінде жеңімпаз жүлдегер атанған ардагер самбошылар бақ сынады. Аталған жарысқа ауданымыздың ардагер спортшылары да қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 35-39 жас аралығы бойынша 98 келі салмақта белдескен спорт мектебінің шаруашылық меңгерушісі Нұрбек Сұпығалиев ІІІ орын алса, 40-44 жас аралығы бойынша 88 келі салмақта белдескен спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Замир Батыров жеңімпаз атанды. 45-49 жас аралығы бойынша осы салмақта белдескен Жаңажол ауылының ардагер спортшысы Азамат Құсайынов ІІ орынға ие болса, 55-59 жас аралығы бойынша +98 келі салмақта белдескен спорт мектебінің директоры Жайсан Есекенов І орын алды. 60-64 жас аралығы бойынша 79 келі салмақта белдескен Жаңақала колледжінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ардагер спортшы Марат Есмағұлов ІІ орынға ие болды. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дмпломдарымен, медальдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале