30.05.2024, 15:00
Оқылды: 55

Ардагер ұстазбен кездесті

Казталов ауданы орталығындағы А. Оразбаева атындағы мектепте ардагер ұстаз Гүлжиян Гарифовқызы Исмағұлованың 70 жас мерейтойына арналған «Дара жол» кездесу кеші өтті.

IMG-20240530-WA0098

Кездесуге ардагер ұстаздар, кеш иесінің әріптестері, шәкірттері қатысып, сол кездегі Гүлжиян апайдың еңбек жолындағы абыройлы қызметі жөнінде естеліктерін бөлісіп, емен-жарқын әңгімелесті.

IMG-20240530-WA0100

– Сіз ұзақ жыл білім саласының дамуына зор үлес қосып, адал да қажырлы еңбек еттіңіз. Сіздің еңбек жолыңыз – жас буынға үлгі. Мерейлі жасыңызбен құттықтап, еңбегіңізге алғыс білдіре отырып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз, – деді Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева.

IMG-20240530-WA0099

Кездесу кешінде Самал Қанапияқызы облыстық білім басқармасы мен аудан әкімінің алғысхаттарын және аудандық білім беру бөлімінің құттықтау хатын табыс етіп, Гүлжиян Гарифқызының иығына шапан жапты.
40 жыл ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған ардақты жан бүгінде шәкірттерінің жеңісімен мақтанып, марқая алады.

Меңдігүл Берікқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале