30.01.2025, 16:45
Оқылды: 159

Ардагер ұстаздар Тасқала ауданындағы мектеп-гимназияда болды

Білім – ұлт болашағының негізі. Соңғы жылдары ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру». Бұл бастама ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, білім сапасын көтеруге бағытталған. 

Қ.Сатбаев мектебі (4)э

Осы жоба аясында Тасқала ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында атқарылған жұмыстарды арадагер ұстаздарға таныстыру  мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова және ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп ішін аралап көрген қонақтар білім ошағының  жаңа жабдықтармен толығып,  заманауи оқу құралдарының енгізілгеніне куә болды.

ээээ

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Жанар Жұмалиева қонақтарды мектептің жаңартылған инфрақұрылымымен таныстырып, оқушыларға жасалған жағдай туралы кеңінен баяндады. Жаңа технологиялармен жабдықталған сыныптар, зертханалар мен оқу құралдары – барлығы оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

эээээээээээээ

Экскурсия барысында ардагер ұстаздар мектептің дамуына ризашылықтарын білдіріп, білім сапасын арттыру жолында жасалып жатқан қадамдарға жоғары бағаларын берді. Сонымен қатар, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру бағытында өз ойларымен бөлісіп, қазіргі ұстаздарға ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Назерке Шайхолла

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале