3.10.2023, 17:30
Оқылды: 42

Ардагер ұстаздарды құттықтады

Шыңғырлау ауданы орталығының демалыс саябағында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

DSC_2534

Тағылымды еңбек жолының иегерлері - ардагер ұстаздарға арналған ілтипатты шараны аудандық білім бөлімі ұйымдастырған. Аталмыш шараға дәстүрлі Ұстаздар күні мерекесіне орай ауданның еңбегі сіңген егде жастағы ұстаздары шақырылған. Қаз-қатар сап түзеп, дәліз құрған мектеп оқушыларының қошеметі аясында саябақ төріне беттеген ұстаздар легі алдымен осы саябақтың сәнді тұсына орнатылған «Ғасыр ғаламаты - Ұстаз» ескерткішіне іркілді. Осы жердегі мүсінге гүл шоқтары қойылып, құттықтау сөз сөйленді.

DSC_2548

Бұдан әрі салтанатты жиын барша ұстазға арналған аудан әкімі М.Өмірәлиевтің құттықтау тілегімен жалғасып, зейнетке шыққан аудан мұғалімдеріне алғысхаттар табыс етілді.

Шара барысы аудандық саз мектебі, мектеп мұғалімдері, аудандық мәдениет бөлімі даярлаған концерттік бағдарламаға ұласты.

DSC_2579

 Жиында Білім бөлімінің басшысы Қ.Есенов, зейнеткер-ұстаз А.Шотпанов құттықтау тілектерін арнады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын мереке биылдан бастап әлемнің 100-ден аса елі тойлайтын Дүниежүзілік ұстаздар күніне сәйкес 5-інші қазанда атап өтіледі.

 Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале