14.05.2022, 16:43
Оқылды: 45

Ардагер ұстазды ардақтады

"Алты алаштың баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі"- деп М.Жұмабаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орны бар ұстаздардың еңбегіне құрмет көрсеткен Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 2015 жылғы түлектері ардагер ұстаз Лариса Габдуллинаның үйінің маңдайшасына "Ардагер ұстаз үйі" тақтайшасын орнатты.

IMG_20220514_154035_970 (1)

"Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан" - демекші, бүгін таңда шәкірттерімнің әр салада білікті маман болып еңбек етіп жүргендеріне қарап көз сүйсінеді. Жетістіктеріне куә болып, қуанып отырамын. Ұстаз еңбегін ескерусіз қалдырмай көрсеткен құрметтеріңізге алғысымды білдіремін, - деді шәкірттерінің құрметіне бөленген ұстаз ризашылығын білдіріп.

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале