21.03.2022, 15:30
Оқылды: 34

Ардагерді құттықтадық

Көктем шуағын төккен, жалпы қазақ үшін қастерлі саналатын Əз-Наурыз мерекесі қарсаңында редакциямызда ұзақ жылдар тынбай қызмет жасаған баспасөз саласының ардагері Рабиға Құлқайырқызы Кенжинаның шаңырағында болып, анамызды келелі мерекемен құттықтадық.

IMG-20220321-WA0051

Рабиға Құлқайырқызы Казталов аудандық (бұрынғы "Коммунизм жолы") "Ауыл айнасы" қоғамдық-саяси газетінде 20 жылдай қызмет атқарған. Бізді ақ дастархан жайып қарсы алған Рабиға Құлқайырқызы редакция өмірінен сыр шерткен, тарихи, сарғайған суреттерді көрсетіп, қызықты естеліктерімен бөлісті. Рабиға апамыз сол кездегі аудандағы баспасөз саласының майталмандары Ибат Салықов, Зайдолла Қабдығалиев, Смағұл Əбдірақов, Қабдығали Жақыпов, Темір Құсайын, Серік Жұмағалиев сынды талантты журналист ағалармен бірге қызметтес болған екен. Қиын уақыттағы редакцияның бейнетті жұмыстарын атқарған Рабиға Құлқайырқызы бүгінде зейнеткер атанған. Отағасы Дəулетқали екеуі 2 ұл, 1 қыз тəрбиелеп, олардан өрбіген немере-жиендерінің қызығын көруде.

Құттықтауымызды қабыл алып, ризашылығын білдірген Рабиға Құлқайырқызы: "Айналайындар, қаламдарың ұштала берсін! Елдің жақсылықтарын жаза беріңдер. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!" деген ақ батасын жаудырды.

 

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале