26.05.2023, 16:02
Оқылды: 28

Ардагерлер арасында ашық біріншілік

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай зейнеткерлер мен ардагерлер арасында дойбы, асық ату, қол күресі, бір орыннан ұзындыққа секіруден аудандық ашық біріншілік өтті.
cf1a405d-3e43-45b4-8a10-644e448f3eb2
Ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, спорт ардагері Серікбай Жүкиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа аудан орталығынан бөлек 8 команда, 30-ға жуық адам қатысты.
Нәтижесінде командалық есеп бойынша ІІІ орынды Жымпиты, ІІ орынды Аралтөбе, І орынды Абай командалары иеленді.
“Жеңіске деген жігері үшін” аталымымен Жетікөл командасы марапатталды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале