ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына уақытпен санаспай, жаңбырлы ауа райына қарамастан ел болашағы үшін дауыс беріп жатырған ардагерлер де бар. Казталов аудандық «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары Мұқанғали Бектілеуов пен «Еңбек ардагері» Уалиолла Әбішев №219 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Казталов ауданының орталығындағы ауа райы +2 С шкаласын көрсетіп тұр. Нөсерлеткен жаңбырдан ылғалдылық мөлшері 73 пайызды құрап отыр.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz