5-8 шілде күндері Ақсай қаласында спорт ардагері Айтбай Тастайбековтың 65 жас мерейтойына орай тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында ашық облыстық турнир өтті.
Жарысқа Орынбор, Орал, Қызылорда, Ақтөбе қалалары мен Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарының спортшылары қатысты.
Сайыс нәтижесінде 50 жастан жоғары ерлер арасында Меңдібек Карин 3 орынды иеленсе, 50 жастан жоғары әйелдер арасында Қаламхас Карина 1 орынды, Алма Мазитова 3 орынды қанжығасына байлады.
– Қазіргі таңда аталмыш турнирден жүлделі ардагерлер 3-9 қазан күндері Орал қаласында өтетін республикалық чемпионатқа дайындалу үстінде. Бұйырса ауданымыздан онға жуық ардагер қатысады деген ойдамыз, - дейді тоғызқұмалақтан ауданымыздың біліктілігі жоғары деңгейдегі аға жаттықтырушысы Қайрат Шәутенов.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы