5.10.2021, 14:19
Оқылды: 29

Ардагерлер жарысты

Бәйтерек ауданы орталығында спорт ардагері Александр Любавин мен футболшы Алексей Тереховты еске алуға арналған турнир өтті.

84733448-E92B-475E-993B-39F0128CAAEA

Жарысқа Орал қаласы мен аудан командалары қатысып, ардагерлер арасындағы доданың жүлдесін сарапқа салды.  Қорытындысында бағы мен бабы қатар шапқан переметныйлық аяқ доп шеберлері турнир жеңімпазы атанса, Переметный округі елді мекендерінің командасы екінші, Орал қаласынан келген СССР командасы үшінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар ойында ерекше көзге түсіп, командасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан  Арман Мұқатаев «Үздік қақпашы», Сәкен Амангельдин «Үздік қорғаушы», Александр Паначев  «Үздік шабуылшы» атанса, Бақыт Иргусаев  турнирдің «Үздік ойыншысы» аталымына лайықты деп танылды.

- Бүгінгі бәсекелер өте қызықты өтті. Әкемнің көзін көрген, онымен бірге доп тепкен спортшыларды көру біз үшін үлкен қуаныш. Бұл турнир бұнымен тоқтап қалмақ емес. Міндетті түрде өз жалғасын табады, - дейді Александр Любавиннің ұлы Сергей Любавин.

Назерке Сыйлыбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале