Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетовтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облыстық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аудан ардагерлер ұйымы өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиынға Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, БҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлері ардагерлер ұйымының төрағасы Лавр Хайретдинов, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі президиум мүшесі Рауза Абилаева, облыстық ардагерлер кеңесі ардагерлерді әлеуметтік қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі президиум мүшесі Хамида Бакимова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, аудандық ардагерлер кеңесі президиум мүшелері, ауылдық округ ардагерлер кеңесі төрағалары және ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Алдымен сөз алған аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы ардагерлер кеңесінің ауданның қоғамдық жұмысына белсене ат салысып, жастар тәрбиесі, ардагерлер өмір сүру сапасын артыру тағы басқа жұмыстарды ұйымдастыруда үлкен жұмыс атқарып келетініне тоқталды.
Сонымен қатар өткен жылдың соңында аудандық ардагерлер кеңесіне арнайы ғимарат берілгенін, қазіргі уақыта ғимартатың жөндеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Келесі кезекте сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Абылғалиұлы аудандық ардагерлер ұйымының жұмысы бойынша ақпаратын ұсынды.
«Аудандық ардагерлер кеңесі «Ардагерлер ұйымының» ережесіне сай ардегерлердің мұң-мұқтажын шешіп, оларға жайдай жасау бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Ардагерлер ұйымының зейнеткерлермен жие кездесіп, көмек көрсетіп, мәселелер болса оларды шешу бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Әр ардагерге жағдай туғызуға бағыттталған жұмыстар атқарылдып отыр, оларды қоғамдық жұмысқа тартып ауданның және ауылдық округтер күнделікті өмірге белсенді қатысуына ықпал ететін жұмыстар қажет. Ардагерлер тарапынан аудан өміріне жаны ашитын, жастарды патриоттық, мәдениеттіліке білікті жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысу жұмыстарын білуі тиісті.
Аудандық қауымдастықта 12 бастауыш, 2 цехтық ұйым жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде зейнеткерлер үш мыңнан астам. Өткен жылы барлық огругтерде ардагерлермен жиын өткізіліп, айтылған мәселелер бойынша шаралар қабылданды. Жастармен тығыз жұмыс жасап, қазақи құндылықтарды насихаттау бойынша жұмыстар жие атқарылуда»,-деген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков алдағы уақытта аудан орталығында тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинар кеңес өткізуді ұсынды. Одан әрі сөз кезегін алған Тасқала ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсат Залиев ұйымның егде жастағы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қариялардың қоғамдық өміріне араласуына ықпал етіп, азаматтық қоғамның қалыптасуына жәрдем беру екенін атап өтіп, ардагерлердің көңілдерін көтеру мақсатында шипажайға, әлде басқада демалыс орындарына жолдама қағаз ұйымдатырлса деген ойын жеткізді. Сонымен қатар аудандық құқық қорғау саласының ардагерлер ұйымының жетекшісі Жания Сүлейменова атқарылған жұмыстар бойынша есеп берсе, ендігі кезекте сөз алған Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген әдістемелік кеңесін ұсынды.
Кеңес жоспарына сай БҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлері ардагерлер ұйымының төрағасы Лавр Хайретдинов, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі президиум мүшесі Рауза Абилаева, облыстық ардагерлер кеңесі ардагерлерді әлеуметтік қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі президиум мүшесі Хамида Бакимова баяндама жасады.
Жиын соңында сұрақтар қойылып, айтылған ұсыныстар толық қабылданды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz