Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов жылдағы дәстүр бойынша облыс орталығына қоныс аударған ардагерлермен кездесу өткізді.
Әр жылдары біздің ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан аға-апалар дастархан басына жиналып, бір-бірімен қауышып, қауқылдасып қалды.
Аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы ардагерлер алдында сөз сөйлеп, ауданның тыныс-тіршілігі туралы қысқаша баяндап берді. Сонымен бірге ауданның экономикасы мен әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі із қалдырған абзал ақсақалдарымызға, аяулы апаларымызға алғыс жеткізді.
– Сіздердің өз кезеңдеріңізде атқарған істеріңізге ризамыз және ақыл-кеңестеріңізге, пікірлеріңізге әр кез құлақ түріп отырамыз, – деді аудан әкімі.
Сонымен бірге ардагерлерге демалыс орындарына 10 тегін жолдама табыс етілді.
Кездесуге қатысқан аға буын өкілдері аудан туралы оң пікірлерін айтып, ақ батасын берді.
Дариға Нұрашева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz