17.04.2024, 12:48
Оқылды: 51

Әркім өз үлесін қосып жатыр

Баршамызға белгілі, қазіргі таңда облыс орталығы Орал қаласына үлкен қауіп төніп тұр. Биыл бұрын соңды болмаған су тасқыны орын алып, көптеген тұрғын үйлер су астында қалды. Әлі де нөпір су келеді деп күтілуде. Қазіргі таңда су апаты көбеймесе сейілген жоқ.

09204c7d-c615-4d19-bd34-f7b4ddfcf2f1

Осыған орай еліміздің әр аймағынан гуманитарлық көмек пен арнайы техника да келіп жатыр. Ел жанашырлары дамбы соғып, күн-түні құм салынған қаптармен жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған барлық аудан үлес қосып жатыр. Оның ішінде тасқалалықтар да бар. Сын сағатта елмен бірге екендігін дәлелдеген Тасқала ауданының халқы 8 сәуірден бері облыс орталығына барып өз қолдауын білдіріп, көмек қолын созып жатыр. Қазіргі таңда олардың қатары 700-ге жуықтады. Аудан әкімі Талғат Шакировтың өзі бастап, барлық мекеме-ұжымдар мен аудан жастары, аудандық мәслихат, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы мен «Екпін» газетінің редакциясы, Тасқала жамағаты мен ауылдық округ тұрғындары, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен еріктілер де өз үлесін қосып жатыр. Бұл істен нәзік жандылар да қалыс қалмады. Бұл жөнінде ақпарат  әлеуметтік желі арқылы жарияланып тұрды. Осындай ел басына күн туған қиын қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елдің амандығы  үшін еңбек етіп жатқан жерлестерімізге жарайсыңдар дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Ел аман, жұрт тыныш болғай.

Назгүл Серікқызы, 

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале