Алыс болғанда, тап ит арқасы қиянда жатқан ештеңесі жоқ. Біз әңгімелегелі отырған ауыл – Жалпақталдан 70, Көктеректен 35, Казталовтан 60, Орданың Құрманғазысынан 18 шақырым жерде ғана орналасқан, қазақша айтқанда, тиіп тұрған жер. Кеңес Үкіметінің кезіндегі атауы Киров (С.М. Кировтың құрметіне) болатын.
Тәуелсіздік бұрынғы есімін қайтарып, бүгінгі күні Саралжын деп аталулы. Тарихы тереңде. Түгелдеп айтып кетер болсақ, ұзаққа созылады. Тап қазір осы бір шаруа баққан момақан ауылдың тұрмыс-тіршілігінен хабардар жасап, басқалардың қолы баяғыда-ақ жеткен армандары туралы баяндамақпыз.
Дариға Ғазезқызы,
Саралжын ауылы,
Казталов ауданы