22.06.2022, 10:45
Оқылды: 90

Әртістер жазғы лагерьде

Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы «Жасұлан» жазғы демалыс лагерінде  аудандық балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен  «Жарқын жүздесу» бағдарламасы өтті.

IMG-20220621-WA0131

Бағдарлама қонақтары Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, «Дара» төсбелгісінің иегері, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының бас режиссері, актер Самал Әбуов пен Мәдениет саласының үздігі, актриса, аудармашы Эльмира Мақашева.

Сұқбат тізгінің алған Үміткер Орынғалиев кейіпкерлермен әдемі әңгіме өрбітті.

Кеш барысында жас әртістер Аманжол Сатқанбаев  жанды дауыста ән шырқап берсе, Нұржиян Хасанова М.Мақатаевтың өлеңін оқыды. Эльмира Жұмажанқызы әртіс болам деп армандап жүрген оқушыларға кеңесін айтып, шеберлік сағатын өткізді.

Лагерь демалушылары да шараның жақсы өтуіне үлестерін қосты. Олар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады.

Сұқбат соңында қонақтарға ақын-журналист Дариға Мұштанованың кітаптары сыйға тартылды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале