27.11.2024, 22:00
Оқылды: 8

Артур Шерғалиев: «Оқыған елдің идеологиясы мығым»

IMG_6440Артур Шерғалиев, Сырым ауданы әкімінің орынбасары

Алтын орданың астанасы болған Сарайшық қаласының түбіндегі Ұлттық Құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек!» - деді.
Кітап парақтау, газет оқу – біздің жоғалып бара жатқан қасиетіміз. Бұл үрдіс күні кешеге дейін сақталды. Қойшы әкелеріміздің етігінің қонышына газет қыстырып жүргенін, мұғалім аналарымыздың үйінде жеке кітапхана болғаны шын емес пе? Жаңа замандағы зиялы қазақтың да бірінші сапасы – оқығаны болса керек-ті.
Менің ойымша, сауатты болу – технологиялардың түрін тану не тілін білу емес, бәлкім оқыған болу. Дәстүрлі басылымдармен сусындайтын қоғамның анау-мынау алабажақ ақпараттарға алданбайтыны белгілі. Оқыған елдің идеологиясы да сыр бермейді.
Сондықтан, барша сырымдықтарды, соның ішінде білім үйлерінің шырақшылары – ұстаздарды, тәуелсіздіктің қызметшілері – мемлекет кеңселеріндегі әріптестерді мерзімді басылым беттеріне жазылу науқанына белсене қатысуға шақырамын. «Егемен Қазақстан», облыстық «Орал өңірі», Приуралье», ауданның апталығы «Сырым елі» газетіне жазылып, оқып, сауатты ұлт болуға өз үлесімізді қосайық.
Әсіресе, ғасырлық тарихы бар «Сырым елі» газетін қолдау, мынадай жаһандану заманында басылымның тиражын сақтау – біздің азаматтық парызымыз!
Оқыған адамның әуелі санасына, кейін үйіне жарық кіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале