5.03.2021, 13:49
Оқылды: 21

"Арулар – асыл жандар"

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның дамуына үлестерін қосқан белсенді әйелдер қауымын салтанатты түрде қабылдады.

ана1

- «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінде қоғамның барлық саласында бұрымдыларымыздың үлесі ұлғайды. Елдің де, жанұяның да тыныштығы әйел адаммен байланысты.

ана2

Ерінің намысын, баланың болашағын ойлаған әйелдер қауымы әр шаңырақтың отын маздатып, береке мен бірліктің тірегі болуда. Баршаңызды келіп жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгідей ыстық ықылас пен ізгі ілтипатқа мереке кезінде ғана емес, әрқашанда ие болуға лайықсыздар. Алдағы уақытта да қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала беріңіздер, - деді өз құттықтауында Марат Лұқпанұлы.

ана3

Мерекеде аналарды арнайы қабылдап жатқан аудан басшысына қыз-келіншектер алғысын білдіріп, еліміздегі тыныштық пен береке арта берсін деген ақ тілектерін жеткізді.

Салтанатты кездесу барысында аудан өнерпаздары қыз-келіншектерге арналған ән-шашуларын ұсынып, нәзік жандыларды қуантты.

ана4

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале