22.09.2024, 9:00
Оқылды: 205

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы: Жәнібек ауданына арналған іс-шара өтті

М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде Жәнібек ауданының мемлекеттік архиві «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Жәнібек – қаһарман аудан» атты шарасы өтті.

image-21-09-24-06-41-1

Шараға М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ықсанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ерсайын Құбашев, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары Бекет Әліпқалиев, Бати Есмұхамбетов, Еркін Құбаев, Александр Присташ, Сергей Погульский, Абат Өтебаев, Мира Иманғалиева, Арман Ысқақов пен колледж студенттері мен оқытушылар қатысты.

image-21-09-24-06-41-2

Басқосуда сөз алған Жәнібек ауданының мемлекеттік архивінің директоры Жанар Қошанова: «2022 жылғы 26 тамыздағы архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күндері өткізіліп келеді. Баршаңызға мәлім, алдағы жылы шартарапты дүр сілкіндірген сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл болады. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен ұмытылмастай ізін қалдырды. Жасалған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол қаһарлы жылдары майдан даласында жанкешті күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие. Осыған орай, бүгінгі шараның тақырыбын соған арнадық», - деді.

image-21-09-24-06-41-5

Шара барысында Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерімен ардагерлер бөлісіп, бейнеролик тамашалады. Ерсайын Фазылұлы сөз сөйлесе, Жанар Диасқызы тақырыпқа сійкес баяндама жасады. Сонымен қатар ол Жәнібек ауданының мемлекеттік архивінде 135 қор немесе 29561 істің барын. Соның ішінде 53-і жеке тектік қорлар немесе 350 сақтау бірлігі. Сол 53 жеке тектік қордың 27-і Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сақтауға тапсырылғандығына тоқталды.

Сонымен қатар аудандық мемлекеттік архивтің архивисі Гүлшат Дәулетова «II дәрежелі Отан соғысы» және екі мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендерінің иегері Тәмби Ысқақов туралы баяндама жасаса, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің 1-курс студенті Дина Махметова «II дәрежелі Отан соғысы» орденінің иегері Әліпқали Лұқпанов туралы айтып берді. Аталмыш колледждің 2-курс студенті Аяжан Бекқали «Құрмет белгісі» орденінің иегері Құбай Сопақов туралы, архивист Айымгүл Алдиярова «Қызыл жұлдыз» және екі мәрте «I дәрежелі Отан соғысы» ордендерінің иегері Шамар Өтебаев туралы баяндады.

Сондай-ақ шарада кітап көрмесі және архивтегі жеке тектік қорда сақталған құжаттар, наградалар көрмесі жасақталды.

image-21-09-24-06-41

Айта кету керек, «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының мақсаты архивтік құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстанның кіші Отан тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале