Теректі аудандық архивте «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті. Оған ауданның құрметі азаматы Сәлім Қоқашев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев пен мектеп оқушылары қатысты. Ашық есік күні ауданға қызмет еткен жандарға арналды. Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Аслан Шалабаев аудан тарихында елеулі еңбегімен есте қалған Асқар Қодаров жайында тың ақпараттармен бөлісті.
Аудандық архив басшысы Гүлсая Жәңгірқызы архивтің тарихына тоқталып, аудан үшін мұрағаттың маңызды екенін түсіндірді.
Өз кезегінде сөз алған құрметті қонақтар Сәлім Асанұлы мен Рауан Таңатжанұлы мұрағат қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz