14.02.2023, 1:13
Оқылды: 67

Әсерге толы қойылым

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында «Кеш емес» атты әсерге толы моноспектакль өтті. Аталған қойылымды көрсеткен Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрдың актері Нұржігіт Сейтмағанбетов - Қазақстан бойынша гастрольдік сапарда жүріп, моноспектакль қойған, ислами уағыздарды қойылым арқылы көрерменге жеткізіп жүрген алғашқы жан.

IMG-20230213-WA0104

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тумасы Н.Сейтмағанбетов Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Қойылым біткен соң актерден пікір алуды жөн көрдік.

IMG-20230213-WA0103

- Академияны 2002 жылы аяқтап, жолдамамен Орал қаласына «Хадиша» театрының ашылуына келдім. 20 жылдан бері осы театрда актер болып қызмет етіп келемін. «Кеш емес» қойылымы ақыреттің, қияметтің, өмір бар жерде өлім бар екенін көрсетеді. Тәубеге келуге, ата-ананың қадірін түсінуге, жақын жандармен арадағы түсініспеушілікті дұрыстауға, садақа беруге, жақсылық жасауға кеш емес екендігін айқындайды. Садақа беруді көп адам түсінбей жатады. Садақа беру міндетті түрде ақша беру емес, ол - жымию. Қойылым ең болмаса екі-үш адамға ой салса, бұл - мен үшін бақыт. Әрі қарай түйін жасау өз еркі, - деді Нұржігіт Сейтмағанбетов өз сөзінде.

Көрермендер көңілге ой саларлықтай қойылымға қанығып, жақсы әсермен тарқасты.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале