Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен бірқатар сала басшылары тұрғындарды қабылдады.
Тұрғындар тұрғын үй ауласын қоршау, Жосалы ауылындағы ауыз су мен ауылға кірме жол мәселесі, қайтарымсыз грант алу, «Дипломмен ауылға» секілді бірқатар өзекті сұрақтармен өтініш жасады.
Айтылған мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмыстануды тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу, жерлерді игеру жөнінде кеңестер берілді. Әрбір ауылдық округтерден келген азаматтарға Төлеген Серікқалиұлы толғандырған түйткілді мәселелер бойынша жұмыстардың нәтижесі болатынын айтты.
Алдағы уақытта өңірлерді дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалардың іс жүзінде орындалуы осындай шаралар нәтижесінде іске аса бермек.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz