24.12.2022, 12:02
Оқылды: 45

Ашық әкімдіктегі қабылдау

24 желтоқсан күні аудан орталығында «Ашық әкімдік» бірыңғай науқаны аясында қабылдау оздырылды. Аудан әкімі Рүстем Зұлқашев пен бірқатар дербес бөлім, мекеме басшылары аудан тұрғындарын жекелеген сауалдарымен қабылдап, тұшымды жауап берді.

20221224052414_IMG_1156

Мәселен, ақпәтерлік Ақтоты Төремұратова атаулы әлеуметтік көмекке қрлы жетпей отырғандығын, тұрақты жұмыс керек екендігін алға тартып аудан әкіміне сауал қойды.

20221224052220_IMG_1154

- Менің 3 балам бар. Жолдасым Атырауда вахталық әдіспен жұмыс жасап жүр. Үлкен қызым студент. Екі перзентім қолымда. Жолдасымның табысына байланысты атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отырмыз. Ал отағасының жалақысы жеткіліксіз болып отырғандығына байланысты тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал етуіңізді сұраймын, - деді көпбалалы ана.

Рүстем Мүлкайұлы мәселенің ақ-қарасын анықтап, Ақпәтер ауылдық округі әкіміне тапсырма берді. Ашық әкімдікте тұрғындар тұрғын үй, жұмыссыздық, Қоныс ауылындағы ауыз су құбырына қатысты мәселелер, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысты сауалдарымен аудан әкімі мен бөлім басшыларының қабылдауында болды. Сәйкесінше, сауалдарға қатысты заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат беріліп, жауап берілді.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале