23.02.2023, 9:15
Оқылды: 14

«Ашық алаңдағы» тәлімді ой

Жаңақала ауылындағы №3 жалпы орта білім беретін мектепте «Ұрпақтар сабақтастығы - тәрбиенің көзі» тақырыбында облыстық, аудандық ардагер ұстаздардың қатысуымен ашық алаң шарасы өтті.

IMG_20230223_090110

Ашық алаңда қонақта облыстық ардагер ұстаздар ұйымының төрағасы Қанат Қырықбаев, педагогика саласының ардагерлері Абай Мұхитов, Сапарғали Сиражев болды.

Ашық алаңдағы әңгімеге ауданның ардагер ұстаздары Рая Апақаева, Гүлбар Тасқалиева қатысып, салиқалы ойларын ортаға салды.

Ардагер ұстаздардың:

"Мені ұжым тәрбиеледі, кейін мен өзім де ұжым тәрбиелеуге жеттім", " ұжым болған соң, әртүрлі пікір болуы заңды, тек ауызбіршілік пен ұйымшылдық керек", "қандай жағдай болса да, адамшылықты жоғалтпай, салауатты өмір салтын ұстану керек" ой салар пікірлері ұстаздар қауымына қозғаушы күш секілді әсер еткендей болды.

Оқушыларымыздың орындауындағы күмбірлеген күйді тыңдаған қонақтарымыз "Жаңақала - күй астанасы" деп тамсанса, "Асық ату" ойынын көргенде бала кездерін естеріне түсіріп, мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.

Рая Жұмағалиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале