Қазан айының 10-ы күні Қаратөбе аудандық сотының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық сотының іс-шаралар жоспарына сәйкес Республика күні мейрамын мерекелеуге арналған «Ашық есік күні» оздырылды.
Республика күні қарсаңындағы «Ашық есік күніне» Қаратөбе колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мағзомқызы мен колледж мұғалімдері және жас мамандар Е.Құмар мен Т.Бижанов, білім ордасының 1 курс студенттері қатысты.
Аудандық соттағы «Ашық есік күнінде»коледж мұғалімдері мен студенттері сот отырысы хатшысының, судьяның жұмысымен, АБТ жүйесімен, заманауи құрылғылармен жабдықталған сот мәжілісі залымен танысты.
Сот төрағасы Мереке Шүкіров «Ашық есік күніне»қатысушыларды биылғы жылдан бастап 25 қазан күні аталып өтілетін Республика күні мейрамымен құттықтап, олардың сот жүйесі туралы туындаған сұрақтарына жауап берді. Ал сот мамандары сот кеңсесінің негізгі қызметі мен атқаратын міндеттері туралы толық түсініктер берді.
- «Ашық есік күні» іс-шарасы азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың сот жүйесіне деген сенімін және қолжетімділігін арттыру мақсатында өткізілуде, - дейді аудандық сот төрағасы Мереке Өтепқалиұлы.
Ерболат Мырзағұлұлы,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz