Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ашық есік күні өтті.
Қабылдауға облыстық басқарма басшылары да шақырылған.
Аудан тұрғындарын қабылдауға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қаресов, БҚО бойынша Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов, БҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Төлегенова мен орынбасары Ділдаш Ысқақова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес АҚ БҚО Филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштер бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысының орынбасары Ардақ Мұқанова мен аудандағы мекемелердің басшысы келді.
Келушілердің дені жеке мәселе бойынша тиісті сала өкілдеріне жолықты.
Сонымен қатар қандайда бір тілек-өтініштерін айта келгендердің де талаптары ескеріліп, көтерген мәселелері назарға алынды және әрі қарай жұмыстану үшін басшыларға тапсырмалар берілді.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz