22.07.2021, 18:19
Оқылды: 46

«Ashyq»  қосымшасына тіркелу керек

Облыстың бас санитары Мұхамғали Арыспаев әлемді шарпыған коронавирустың үнді және британдық штамы облыста да тез таралып жатқандығын ескертіп, 17 шілдеден бастап карантин талабын күшейтуді ұсынған болатын. Осыдан кейін 14 шілде күні карантин талаптарын сақтау жөніндегі №16 қаулысын шығарды.

BF72F4E2-7A19-4C69-874B-2439D01C5F8D

Жаңа қаулыда сауда үйлерінің, спорт кешендерінің жұмыс кестесін қысқарту, «Ashyq» қосымшасына тіркелмеген нысандардың қызметіне тыйым салу, демалыс күндері қоғамдық көлік пен ашық базарлар жұмысын уақытша тоқтату қарастырылған.

Осы орайда Жәнібек ауданы әкімінің міндетін у.а Жақсылық Абдолов бастаған мониторингтік топ аудан орталығындағы бірқатар дүкендер мен дәмханаларды аралап, жаңа қаулы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған қаулыда «Ashyq» қосымшасына енбеген дәмхана, қоғамдық тамақтандыру орындары арнайы дайындалған тамақты жеткізіп берумен ғана айналысады. Ал азық-түлік емес сауда нүктелері сенбі, жексенбі күндері жұмыс  жасамайды. Тек қана азық түлік дүкендеріне ғана рұқсат етілген. Аталмыш нысандар сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасағысы келсе «Ashyq»  қосымшасына тіркелу қажет. Тіркеу жұмыстарымен аудандық «Атамекен» палатасы айналысатынын қаперіңізге саламыз. Бүгінгі тексеріс барысында бірнеше нысандарға ескертулер берілді. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда нысан иелеріне айыппұл салынады.

Б.Ахметов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале