5.10.2022, 17:30
Оқылды: 42

Әскерден жалтарғандарға жауапкершілік бар

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы Альберт Бекмұхановтың қатысуымен алқалы жиналыс өтті.

Отан коргау (1)

 

 

Айтулы жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ербол Мұханов, Аққозы, Сулыкөл, Жусандыой, Саралжын, Қоскөл, Қаракөл ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық аурухананың дәрігері Әсемгүл Жайықбайқызы, аудан мектептерінің  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

– Мерзімді әскери қызметке шақыру мен оны қамтамасыз етуді ұйымдастыру бағытында жиналыс өткізу ұсынылған болатын. Қорғаныс министрімен жоспарлар енгізілді. Интеграциялық шлюз - базаға енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Базаға енген азаматтардың тұрғылықты жерінен басқа жерге қоныс аудар кезінде  есептен шығу не болмаса,  есепке отыруы автоматты түрде жүреді. Әскерге шақырылған азаматтарға бұрынғыдай қолма-қол шақырту қағазы берілмейді. Олардың ұялы телефонына 1414 нөмірінен SMS хабар жіберіледі, SMS хабарлар қайталанып, 2 рет жіберілгеннен кейін әскерге шақырылған азаматтар тиісті орынға келмеген жағдайда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Кешенді тексерістер қорытындысында Қаратөбе ауданы бойынша бекітілген кестеге сай медициналық комиссияға шақырылған 222 адамнан 167 адам қамтылмай отыр. 23 адам іздестірілуде.  Жалпы облыс бойынша 637 адам  іздестіруде жүр, - деді Альберт Маркистович.

Саралжын, Аққозы ауылдық округтері әкімдерінің «Кез-келген талапкерлер жоғары әскери оқуларға түсе ала ма?», «Әскери қызметке шақырылушы белгілі бір жағдайларға байланысты әскери қызметтен уақытша босатыла ма?»  деген сауалдарына тиісті жауап қайтарылды.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұржанұлы:  «Мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың медициналық комиссияға келуін өз деңгейінде ұйымдастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Болашақ Отан қорғаушылардың патриоттық сезімін, жауапкершілігін арттыру бағытында патриоттық іс-шараларды үнемі ұйымдастыруымыз керек. Отан қорғау ісі еліміздің әр азаматының қасиетті борышы болуы тиіс», - деді.

Ерболат Райсов,    

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале