10.08.2023, 16:15
Оқылды: 46

Әскери борышын өтегендер ҰБТ тапсырмай оқуға түсе ала ма?

Жас жігіттерді Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру, әскерге барғандарға берілетін жеңілдіктер туралы кеңінен түсіндіру мақсатында Бәйтерек ауданы орталығында осындай атаумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

FB_IMG_1691663156540

Шараның өтуіне мұрындық болған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктіліген бөлімі (ҚІЖББ).

Жиында сөз алған аталмыш бөлім орынбасары, капитан Бақыт Шоқпаровтың айтуынша, отан алдындағы борышын өтеген азаматтардың барлығы әскерден келген соң екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы негізде оқуға түсе алады.

 Сондай-ақ жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен көзге түскен әскери қызметшілерге ҰБТ нәтижесіне қарамай-ақ ЖОО есебінен тегін оқу құқығы беріледі.

 Ал ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орындарына, офицер атағын алу үшін ЖОО-ның әскери кафедрасына емтихансыз түсе алады. Одан бөлек әскерде борышын өтеп жүргендерге кредиттік демалыс беріледі. Яғни 13 айға дейін несие төлеуді тоқтата тұруға мүмкіндік бар.

Жиыннан соң басқосуға қатысқандар аудан орталығын жаяу аралап, түсіндіру жұмысын жүргізді. Жастарға ақпарат жазылған брошюралар таратты.

Сәлім Мәмбетәлиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале