14.12.2023, 15:45
Оқылды: 35

Әскери қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді

Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени - демалыс орталығында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Айбынды армия – Тәуелсіздік кепілі» атты патриоттық шара өтті.

Баршаңызға белгілі, биыл айбынды әскеріміз – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл толды. Осынау жылдар ішінде еліміздің әскері заман талабына сай дамып келеді.

410377419_819610976841796_2877233305558694875_n

 

Бүгінде Отан алдындағы борышын өтеушілердің саны да сапасы да артып, әскер қатары жоғарғы оқу орнын бітірген мамандармен толығып жатыр. Қорғаныс саласының жұмысы алға қойылып,  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Аталған Заң аясында әскери борышты өтеудің негізгі ережелері, сарбаздардың міндеттері, жауапкершілігі мен құқықтары нақтыланған. Қазіргі уақытта әскери қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғыдан қолдау бағдарламалары да жүзеге асып келеді. Сонымен қатар әскери қызметін өтеп келген сарбаздарға жоғарғы оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігі бар.

Аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрайымы Зәйлім Мәжитова:

- Қарулы Күштердің 31 жыл ішіндегі жетістіктерін ел болашағы үшін жасалып жатқан нық қадамдар десек, қателеспейміз. Өз сөзінде «Әскери қызмет – әрбір ер-азаматтың Отан алдындағы парызы екені баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесі мен имиджін көтеруге және жастарды әскери қызметке насихаттау мақсатында өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету, - деді.

410422190_819611063508454_5986525656890062780_n

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Ерсайынұлы: «Мерзімді әскери қызметке жас буын қатарын жасақтау, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу, әскери-техникалық мектепке оқыту және әскери оқу орындарына түсу бойынша қорытынды жиын» туралы хабарлама жасады.

Сонымен қатар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Ерсайынұлы Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы атынан алғысхаттар табыс етті.

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара одан әрі  патриоттық әндерге жалғасты.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале