Жаңақала ауданындағы 51809 В әскери бөлімінің әскери қызметшілері №121 Жаңақазан референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Учаскеге мерзімді әскери борышын өтеушілер, офицерлер және келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілер қатысып, өз таңдауларын жасады.

Әскери қызметшілер елдегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық борыштарын орындап, референдумға белсенді түрде қатысуда. Бұл – олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын, мемлекет дамуына қатысты шешімдерге өз үлесін қосуға ниетті екенін көрсетеді.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы